Байзақ ауданы бойынша дәстүр және отбасы бағытына жауапты бөлім жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы аудандық «Байзақ баба» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Дін мен дәстүр» кітабын насихаттады. Кездесу барысында кітапта қамтылған ұлттық құндылықтар, ата-баба жолы мен дәстүрлі исламның сабақтастығы жөнінде кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам дінінің өзара үндестігі, қоғамдағы рухани бірлікті нығайтудағы маңызы туралы айтылды.
Насихат барысында жамағатқа дін мәселесінде дұрыс ақпарат көздеріне сүйенудің, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеудің және жастарды ұлттық тәрбиеге баулудың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шара соңында жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабының тағылымдық мәні жоғары екендігі айтылып, ондағы құнды мәліметтерді күнделікті өмірде басшылыққа алу ұсынылды.


26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

