Жуалы: Аудандық мешіттерде ақшам насихаты өтуде

Жуалы: Аудандық мешіттерде ақшам насихаты өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде құптан намазының алдында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.

Мешіт имамы Тимур Садуақасұлы жамағатқа ақида ілімі бойынша дәріс оқып, Смайыл Сейітбековтің «Иман негіздері» кітабы негізінде әсерлі уағыз-насихат жүргізді. Дәріс барысында қасиетті Таурат кітабының кейбір бөлімдері де мысал ретінде келтіріліп, иманның маңызы мен негіздері жан-жақты түсіндірілді.

Жиналған жамағат рухани тағылымға толы насихаттан мол әсер алып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: