#Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде ауқымды рухани шара өтті

#Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде ауқымды рухани шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының «Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен ауқымды рухани кездесу өтті. Шараның өтуіне жаңадан тағайындалған ұстаз Рүқиям Абдуллақызы ұйытқы болып, жамағатқа арнайы дастархан жайылды.

Кездесуге ауданның білікті ұстаздары мен әйел жамағаты қатысып, имандылық, көркем мінез, отбасы құндылықтары және діни сауаттың маңыздылығы жөнінде насихат-уағыздар айтты. Жиналғандар рухани әңгімелер тыңдап, өзара пікір алмасты.

Шара барысында бірлік пен ынтымақтың маңызы сөз болып, әйел-қыздардың діни білімін жетілдіру бағытындағы алдағы жоспарлар да талқыланды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: