#Шу: Жас отбасыларға отбасы құндылықтары жөнінде насихат айтылды

#Шу: Жас отбасыларға отбасы құндылықтары жөнінде насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының «Жәми» мешіті жанындағы Отбасыны қолдау және кеңес беру орталығында жаңа шаңырақ көтерген жас отбасылармен кездесу өтті.

Кездесуге мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен ұстаз Ерғазы Ақпанов қатысып, жас жұбайларға отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігі, сыйластық пен татулықтың маңызы туралы насихат айтты.

Шара барысында отбасындағы өзара түсіністік, бала тәрбиесі және берекелі отбасы қалыптастыру жолдары жөнінде пайдалы кеңестер берілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ізгі тілектер айтылды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: