Жуалы ауданына қарасты Ынтымақ, Қарасаз, Шақпақата және басқа да барлық ауылдық мешіттерінде бесін намазының алдында жамағатқа тағылымды насихат айтылды.
Мешіт имамы Ермекбай Шотбайұлы қасиетті Құран Кәрімнің «Ибраһим» сүресінің 2-аятын негізге ала отырып, жамағатқа уағыз-насихат жүргізді. Насихат барысында Алла Тағаланың тура жолын ұстанудың маңызы, имандылық пен тақуалықтың адам өміріндегі орны, сондай-ақ мұсылманның көркем мінезді болуы жайлы тағылымды ойлар айтылды. Жамағат рухани әсер алып, имамның насихатынан мол тағылым алды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

