Қордай: "Қамқор-Шарапат" жұмыстары жандануда

Қордай: "Қамқор-Шарапат" жұмыстары жандануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітіне тапсырыспен жаңа табыт алынып, жамағат игілігіне пайдалануға берілді. Бұл игі бастама жерлеу рәсімдерін шариғат талаптарына сай әрі ұйымдасқан түрде жүргізуге бағытталған. Ислам дінінде марқұмды соңғы сапарға шығарып салу – үлкен жауапкершілік пен сауапты іс.

Осыған орай, мешіт тарапынан қажетті құрал-жабдықтарды жаңарту және толықтыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Жаңа табыт жерлеу рәсімдерінде пайдаланылып, аудан тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Бұл мешіттің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға да өз үлесін қосады.

Аудандық мешіт ұжымы аталған қайырлы іске қолдау білдірген азаматтарға шынайы алғысын жеткізіп, Алла Тағаладан жасаған игі амалдарының сауабын еселеп жазуын, отбасыларына амандық пен береке беруін тіледі.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: