Шу ауданының «Төле би» мешітінде әйел-қыздар секторында жаңа ұстаздың тағайындалуына арналған салтанатты кездесу өтті. Шара барысында мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұйрығын оқып, Рүқиям Абдуллақызының орыс тілді әйелдер тобына ұстаз болып тағайындалғанын хабарлады.
Кездесуге ауданның білікті ұстаздары мен белсенді әйел жамағаты қатысты. Жиналғандар жаңа ұстазға ақ тілектерін білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік пен береке тіледі. Сонымен қатар, әйелдер мен қыз-келіншектердің діни сауатын арттыру бағытындағы жұмыстарға табыс тілеп, жаңа бастамалардың нәтижелі болуына тілектестік танытты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

