Қордай: «Муфтият» баспасынан шыққан кітаптар халыққа таратылды

Қордай: «Муфтият» баспасынан шыққан кітаптар халыққа таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Муфтият» баспасынан жарық көрген діни-танымдық кітаптарды халыққа тарату акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және сапалы діни әдебиеттерді көпшілікке қолжетімді ету. Іс-шара барысында мешіт жамағатына, жастарға және келушілерге түрлі тақырыптағы кітаптар тегін таратылды.

Шара аясында кітап оқудың маңызы, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың қажеттілігі жөнінде насихат айтылып, қатысушыларға пайдалы әдебиеттермен тұрақты түрде танысып отыру ұсынылды. Жамағат мұндай игі бастама үшін ризашылықтарын білдіріп, таратылған кітаптардың рухани тәрбие мен білім алуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: