Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «№7 АӘҚҰО» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі (қарттар үйіне) арнайы зиярат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мекеме тұрғындарының хал-жағдайы сұралып, оларға құрмет көрсетілді. Зиярат кезінде қарттарға қажетті көмек ретінде мүгедектер арбасы табысталып, түрлі жеміс-жидектер жеткізілді.
Сонымен қатар ақсақалдармен және қарт аналармен сұхбаттасып, жылы лебіздер айтылып, олардың ақ баталары алынды. Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда үлкенді құрметтеу, қамқорлық көрсету және ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Қарттар үйінің тұрғындары көрсетілген ілтипат пен қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

