Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы «Омар Фарух» мешітіне аудан бас имамы Азамат Берікұлы арнайы іссапармен барып, мешіттің жұмыс барысын зерделеді.
Зерделеу барысында мешіттің ішкі және сыртқы тазалығы, құжаттарының жүргізілуі, діни қызметтің ұйымдастырылуы, жамағатпен байланыс және діни сауат ашу бағытындағы жұмыстар қарастырылды. Сонымен қатар мешіт қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын беріп, алдағы жұмыстардың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында бас имам мешіттердің қоғамдағы рухани тәрбие орталығы ретіндегі маңызына тоқталып, жамағатпен жұмысты күшейту, жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар беру және бірлік пен татулықты насихаттау қажеттігін атап өтті.
Сапар соңында мешіт қызметіне береке тілеп, ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалды. Алла Тағала мешітіміздің жұмысына береке беріп, жамағаттың ауызбіршілігін арттырып, атқарылып жатқан игі амалдарды қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Маусым 2026
10 Мухаррам 1448

