Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан имамдарына арналған кезекті пәтуа сағатын өткізді. Басқосуда «Намаздың шарты – қырағат» тақырыбы жан-жақты түсіндіріліп, қырағаттың намаздағы орны мен маңызы, Құран аяттарын дұрыс оқу тәртібі, намаздағы қателіктер мен олардың үкімдері кеңінен талқыланды.
Пәтуа сағаты барысында намаздың дұрыс орындалуына қатысты мәзһабымыздағы негізгі қағидалар айтылып, имамдардың діни білімін жетілдіруге бағытталған түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, күнделікті діни қызметте кездесетін түрлі сұрақтар ортаға салынып, оларға шариғат негізінде жауаптар ұсынылды.
Аудан бас имамы дін қызметкерлерін үнемі ізденіп, білімдерін толықтырып отыруға шақырып, жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беру үшін шариғи мәселелерді терең меңгерудің маңыздылығына тоқталды. Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстар жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

