Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы «Нұр Ислам» мешітіне ауданның бас имамы Азамат Берікұлы арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында мешіттің құжаттары, тазалық жағдайы, діни қызметтің жүргізілу деңгейі және жамағатпен атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сонымен қатар мешіт қызметкерлерімен кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.
Кездесу барысында бас имам мешіттердің халыққа сапалы діни қызмет көрсетуі, жастар тәрбиесіне көңіл бөлуі және бірлік пен ынтымақты нығайту бағытындағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Алла Тағала мешіт қызметіне береке беріп, атқарылып жатқан игі істердің жемісін көруді нәсіп етсін.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

