Жуалы: «Жүрек дерттері» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

Жуалы: «Жүрек дерттері» тақырыбында уағыз-насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық мешітінде «Жүрек дерттері» тақырыбында уағыз-насихат жұмысы өткізілді.

Іс-шара барысында мешіт молдасы Тимур Садуақасұлы жамағатқа жүректің рухани тәрбиедегі маңызы туралы насихат айтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінен мысал келтірді:

«Расында, денеде бір кесек ет бар. Егер ол түзелсе, бүкіл дене түзеледі, ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек».

Уағыз барысында жүрек тазалығы, имандылық, көркем мінез және пенденің рухани өміріндегі жүректің орны кеңінен түсіндірілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: