Жуалы: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы арнайы кездесу өткізді

Жуалы: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы арнайы кездесу өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма күні «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Әбдісамат Мирәсілұлы арнайы кездесу өткізді.

Жұма намазының алдында ұстаз жамағатқа тағылымды насихат айтып, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдау науқанының жүріп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, оқуға түсуге ниетті түлектерге білім ордасындағы оқу және тұрмыс жағдайлары жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, медресе-колледжде кітапхана, компьютерлік сыныптар, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана, спорт алаңы және басқа да қажетті материалдық-техникалық база толық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Кездесу барысында жамағатқа арнайы буклеттер мен шақыру қағаздары таратылып, мешіттің ақпараттық тақтасына талапкерлерге арналған хабарландырулар ілінді.

Сондай-ақ, аудан көлеміндегі барлық мешіттерде жұма намазы кезінде имам-молдалар медресе-колледжге түсу мүмкіндіктері туралы насихат жұмыстарын жүргізді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөх қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: