Жуалы ауданына қарасты Түктібай ауылындағы «Түктібай» мешітінде «Қоғам дерттері» тақырыбында уағыз-насихат жұмысы өткізілді.
Іс-шара барысында мешіт молдасы Мұрат Базарбайұлы қазіргі қоғамда жиі кездесетін әдепсіздік, аманатқа қиянат жасау, уәдеде тұрмау сияқты рухани кеселдердің адам өмірі мен қоғамға тигізер кері әсері жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.
Сондай-ақ, ол жамағатты адамгершілік құндылықтарды берік ұстануға, аманатқа адал болып, уәдеге берік болуға шақырып, рухани тәрбие мен ізгі қасиеттердің қоғам тұрақтылығындағы маңызын атап өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

