Қордай: «Омар Фарух» мешітінде діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесу өтті

Қордай: «Омар Фарух» мешітінде діни сауат ашу курсының шәкірттерімен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Ауқатты ауылындағы «Омар Фарух» мешітінде ауданның бас имамы Азамат Берікұлының қатысуымен «Діни сауат ашу курсының» шәкірттерімен тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында бас имам шәкірттерге білім алудың артықшылығы, дін мен дәстүр сабақтастығы, мұсылманның көркем мінезі және уақытты тиімді пайдаланудың маңызы туралы насихат айтты. Сондай-ақ жастарды діни білімді сенімді дереккөздерден алып, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға шақырды. Шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, діни және тәрбиелік тақырыптар бойынша пайдалы жауаптар алды.

Кездесу еркін форматта өтіп, жастардың білімге деген ынтасын арттыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Жиын соңында аудан бас имамы шәкірттерге оқуда табыс тілеп, алған білімдерін ел игілігіне жұмсауға үндеді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: