Жуалы ауданының Қайрат ауылдық мешітінде «Қоғам дерттері» тақырыбында уағыз-насихат жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында «Қайрат» мешітінің молдасы Саурамбек Бегәділұлы қоғамда кездесетін әділетсіздік, өтірік айту, ғайбат сөз тарату секілді рухани дерттердің зияны туралы кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, ол мұндай келеңсіз әрекеттердің адамгершілік құндылықтарға кері әсерін түсіндіріп, жамағатты адалдыққа, шыншылдыққа, өзара сыйластық пен ізгілікке үндеді. Уағыз барысында қоғамның рухани саулығын сақтау әрбір азаматтың маңызды міндеті екені атап өтілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

