Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы «Қордай Құран қариларын дайындау орталығында» оқуын аяқтаған шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды. Салтанатты шара барысында білім алушыларға ізгі тілектер айтылып, олардың Құран жолындағы еңбектері жоғары бағаланды. Сонымен қатар, оқу барысында ерекше жетістік көрсеткен бес шәкіртке «Үздік бітіруші» сертификаты берілді.
Шәкірттерге алдағы өмірлерінде алған білімдерін халқымыздың игілігіне жаратып, Құран ілімін насихаттауда табысты болуларына тілектестік білдірілді. Алла Тағала барша шәкірттердің білімін арттырып, Құранға қызмет ететін ізгі ұрпақтан болуды нәсіп етсін.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

