Қордай: Медресе-колледж ұстазы «Білім алу» тақырыбында уағыз айтты

Қордай: Медресе-колледж ұстазы «Білім алу» тақырыбында уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Ерболат Боханов жамағатқа «Білім алудың маңызы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Уағыз барысында ұстаз білім ізденудің исламдағы орны мен артықшылықтарына тоқталып, діни білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар, жамағатты пайдалы білім алуға шақырып, жаңа оқу жылына орай медресе-колледжге шәкірт қабылдау жүріп жатқанын хабарлап, талапкерлерді оқуға шақырды. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етіп, ел игілігі жолында қызмет ететін білімді ұрпақтың көбеюін нәсіп етсін.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: