Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мен аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Ақынғалиұлы Қайнар, Сарыбұлақ және Қақпатас ауылдарындағы мешіттерді аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Іссапар барысында мешіттердің жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Сонымен қатар, ауыл имамдарымен кездесіп, діни-ағарту бағытындағы жұмыстардың барысы жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында мешіттердің қоғамдағы рухани тәрбие мен бірлікті нығайтудағы рөлі айтылып, алдағы уақытта атқарылатын игі бастамалар жөнінде ұсыныстар қарастырылды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

