Қордай: «Қордай» мешітінде талдарға тамшылатып суару жүйесі орнатылды

Қордай: «Қордай» мешітінде талдарға тамшылатып суару жүйесі орнатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде ауданның бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағындағы тал-дарақтарды тиімді суару мақсатында тамшылатып суару жүйесі орнатылды.

Аталған жоба жасыл желектерді күтіп-баптауды жақсартып, су ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Тамшылатып суару технологиясы ағаштардың уақытылы әрі жеткілікті мөлшерде су алуын қамтамасыз етіп, олардың жақсы өсіп-жетілуіне оң әсерін тигізеді.

Бұл игі бастама мешіт аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты аялауға бағытталған жұмыстардың бірі болып табылады.Алла Тағала атқарылған игі істерге береке беріп, туған өлкеміздің гүлденуіне үлес қосқан барша азаматтарға сауаптан жазсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: