Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Али Муртаза» мешітінде ауданның бас имамы Азамат Берікұлы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында мешіттің жалпы жағдайы, құжаттарының реттелуі, тазалығы, діни қызметтің ұйымдастырылуы және жамағатпен атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар, мешіт қызметкерлерімен кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Аудан бас имамы мешіт қызметінің сапасын арттыру, жамағатпен байланысты нығайту және діни-ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

