Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы «Али Муртаза» мешітінде ауданның бас имамы Азамат Берікұлы жамағатпен кездесу өткізіп, ауызбіршілік пен ынтымақтың маңызы туралы насихат айтты.
Кездесу барысында ислам дініндегі татулық, өзара құрмет және қоғамдағы бірліктің орны жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сондай-ақ, жамағатты ел тыныштығын сақтауға, көркем мінезді болуға және қоғам игілігі жолында бірлесе қызмет етуге шақырды.
Жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, насихаттан рухани әсер алды. Алла Тағала ел бірлігі мен татулығын нығайтып, баршамызды береке-бірлікте ғұмыр кешуді нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

