Ауылдық мәдениет үйінде «Тазалықтың дін мен дәстүрдегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, рухани және тәрбиелік мәні зор мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында Тәңкібай ата мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы уағыз-насихат айтып, тазалықтың ислам дініндегі маңызына кеңінен тоқталды. Ол тазалықтың адамның жеке басынан бастап, қоршаған ортаға, қоғамдық орындарға және табиғатқа деген жауапкершілігін қамтитынын атап өтті.
Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрінде тазалыққа ерекше мән берілгені айтылып, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігіндегі тазалық мәдениеті мен өнегелі ұстанымдары мысал ретінде келтірілді. Нұрбол имам жиналған қауымды тазалықты сақтау арқылы қоғамның көркеюіне үлес қосуға шақырды.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

