Талас: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз айтылды

Талас: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Маржангүл ана" мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық уағыз өтті. Уағызды мешіт имамы Ғазиз Үкібаев жүргізді. Уағыз барысында имам дін мен дәстүрдің өзара байланысы, ұлттық құндылықтардың ислам дінімен сабақтастығы және дәстүрдің қоғам өміріндегі маңызы туралы кеңінен сөз қозғады.

Сондай-ақ, қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері исламның ізгі қағидаларымен үндесіп жатқандығын атап өтті. Ғазиз имам өз сөзінде ата-баба мұрасын құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, отбасы құндылықтарын сақтау сияқты игі дәстүрлердің дінімізде ерекше орын алатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, жамағатты ұлттық және діни құндылықтарды қатар дәріптеуге, қоғамның бірлігі мен татулығын нығайтуға шақырды. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дін мен дәстүрдің сабақтастығын сақтау – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.

"Маржангүл ана" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: