Аудандық Қаратау қажы би мешітінде ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен аудан имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Жиын барысында аудан мешіттерінде атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге жоспарланған діни-ағартушылық іс-шаралар талқыланды. Сонымен қатар, жамағатпен жұмыс жүргізу, діни сауаттылықты арттыру, жастар тәрбиесі, қайырымдылық шаралары және қоғамдағы рухани тұрақтылықты нығайту мәселелері қарастырылды.
Ауданның бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешіт қызметінің сапасын арттыру, діни насихат жұмыстарын жүйелі жүргізу және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмаларын уақытылы орындау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Жиналыс барысында имамдар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары белгіленіп, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Жиын соңында аудан имамдарына халықтың діни сауатын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

