Аудандық Қаратау қажы би мешітінде өткен аудан имамдарының жиналысы барысында ҚМДБ-ның бес бағыты бойынша маңызды мәселелер қаралды.
Жиын барысында «Дін мен дәстүр» және «Діни жат ағымдардың алдын алу» бағыттарына жауапты маман Ахат Қайыпбергенұлы имамдарға аталған бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ахат Қайыпбергенұлы өз сөзінде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттаудың, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің және қоғам арасында дұрыс діни түсінік қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, діни жат ағымдардың алдын алу бағытында жүргізілетін жұмыстарға назар аударып, имамдарға нақты тапсырмалар берді. Кездесу барысында мешіттердегі ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту, жамағатпен тұрақты байланыс орнату және діни сауаттылықты арттыру бағытындағы міндеттер талқыланды.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

