Талас: «Зікіршілер» діни ағымы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Талас: «Зікіршілер» діни ағымы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағат арасында діни ағымдардың алдын алу және діни сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуді мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы жүргізіп, «Зікіршілер» діни ағымы тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында Қазақстандағы зікіршілер діни ағымының пайда болуы, оның ерекшеліктері және қоғамға әсері жөнінде кеңінен түсіндірме берілді.

Наиб имам өз сөзінде Исматулла бастаған зікіршілер бағыты туралы айтып, бұл ағымның діни ұстанымдары мен әрекеттеріне қатысты жамағатқа түсінік берді. Сонымен қатар, дін мәселесінде асығыстыққа жол бермей, кез келген діни ақпаратты саралап қабылдау, ресми діни мекемелердің түсіндірмелеріне сүйену қажеттігін атап өтті. Уағыз барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын сақтау, діни сауаттылықты арттыру және жастарды түрлі күмәнді діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Асқарбек Серікұлы жамағатқа ата-бабадан жалғасқан діни таным мен ұлттық дәстүрдің маңызын түсіндіріп, бірлік пен татулықты сақтауға шақырды. Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни ағымдардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылды.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: