Қызыләуіт ауылындағы Жаңабай сопы мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық уағыз ұйымдастырылды. Уағызды мешіт имамы Төсбаев Әбдіқали жүргізіп, «дін мен дәстүр»тақырыбында насихат айтты.
Кездесу барысында ислам дінінің адам тәрбиесіндегі орны, ұлттық құндылықтар мен ата-бабадан жалғасқан салт-дәстүрлердің өзара сабақтастығы туралы кеңінен түсіндірілді. Әбдіқали имам қазақ халқының дәстүрлі тәрбиесінде үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу, бауырмалдық пен ағайын арасындағы татулық сияқты асыл қасиеттердің ерекше орын алатынын атап өтті.
Бұл құндылықтардың исламның ізгі қағидаларымен үндесетінін жеткізді. Сонымен қатар, жамағатқа ұлттық дәстүрді сақтау, рухани мұраны құрметтеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру – баршаның ортақ міндеті екені айтылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
"Жаңабай сопы" мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

