Талас: «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың діндегі орны»тақырыбында ізгі насихат өтті

Талас: «Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың діндегі орны»тақырыбында ізгі насихат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық уағыз өтіп, аталмыш уағызды мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы жүргізіп, «салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың діндегі орны» тақырыбында насихат айтты.

Наиб имам ислам дініндегі ізгі құндылықтар мен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің өзара сабақтастығына тоқталды. Ұлттық тәрбиенің негізі болған әдет-ғұрыптардың адамгершілік, сыйластық, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу секілді асыл қасиеттерді қалыптастырудағы маңызы түсіндірілді. Асқарбек Серікұлы өз сөзінде халқымыздың дәстүрлі құндылықтарының ішінде отбасы бірлігі, ата-ананы қадірлеу, қонақжайлық, бауырмалдық сияқты қасиеттердің ерекше орын алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, дін мен дәстүрді дұрыс түсіну, ұлттық мұраны құрметтеу және оны жас ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, жамағатқа салт-дәстүрдің дінге қайшы келмейтін тұстарын сақтау, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту жөнінде де айтып өтті.

Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: