Талас: "Ақкөл" мешітінің алдында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

Талас: "Ақкөл" мешітінің алдында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ақкөл ауылындағы Ақкөл мешітінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, арқан тарту, қол күрес және гир тасын көтеру сайыстары бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыстың мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-жігері мен ептіліктерін көрсетіп, белсенділік танытты. Арқан тарту сайысында жеңімпаздарға мақтау қағазы табысталып, 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Қол күрес сайысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушыға мақтау қағазы мен 30 мың теңге көлемінде жүлде табысталды. Сонымен қатар, гир тасын көтеру сайысы өткізіліп, ең көп көтерген жеңімпазға мақтау қағазы мен 30 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Шара соңында Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамал барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға марапаттарын табыстады. Имам мұндай спорттық шаралардың жастарды ұйымшылдыққа, шымырлыққа және белсенді өмір салтына тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.

"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: