"Әбдірашит ата" мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық кездесу өтіп, Ахат Қайыпбергенұлы «жетімнің ақысы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында жетім-жесірге қамқорлық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың маңызы туралы кеңінен айтылды.
Ахат Қайыпбергенұлы ислам дінінде жетімнің көңілін қалдырмау, оның құқығын қорғау және қамқорлық таныту ерекше сауапты амалдардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, халқымыздың дәстүрінде де жетімін жылатпау, жесірін қаңғыртпау сияқты адамгершілік қағидалардың қалыптасқанын айтып, бұл құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі орнына тоқталды.
Кездесу барысында жамағатқа әрбір адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, қайырымдылық пен бауырмалдық қасиеттерді дамыту қажеттігі түсіндірілді. Тағылымды уағыз соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тақырыпқа байланысты пайдалы мәліметтер алды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

