Талас: Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

Талас: Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамды ауылындағы Тәңкібай ата мешітінде Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған игі шара ұйымдастырылды.

Шара барысында мешіт имамы Мырзаханұлы Нұрбол балаларға балмұздақ таратып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, оларға қамқорлық көрсету және мешіт пен ауыл тұрғындары арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту.

Мешіт имамы балаларды мерекелерімен құттықтап, олардың әрдайым білімді, тәрбиелі, елге пайдалы азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді. Балаларға арналған бұл қайырымдылық шарасы ауыл тұрғындары тарапынан жылы қабылданып, бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады.

"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: