Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Сарыбарақ ауылы, «Темірбек баба» мешітінде жастармен арнайы кездесіп, тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында бас имам жастарды білім алуға, ата-ананы құрметтеуге, уақытты тиімді пайдалануға және қоғамға пайдалы азамат болуға шақырды. Сондай-ақ, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіріп, жат ағымдардан сақтанудың маңыздылығына тоқталды.
Насихат барысында имандылық, көркем мінез, отансүйгіштік және жауапкершілік секілді асыл қасиеттер жайында кеңінен сөз қозғалып, жастардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.
Кездесу соңында елдің амандығы мен жастардың жарқын болашағы үшін дұға жасалып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

