Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты «Мәдімар» ауылдық мешітітіне жаңа имам тағайындалды. Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатқа жаңа имам Жақсылық Күмісбекұлын таныстырып, алдағы уақытта мешіттің діни-ағарту жұмыстарын жандандыру, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу және ел бірлігі мен рухани құндылықтарды насихаттау бағытында қызмет атқаратынын айтты.
Жамағат жаңа имамға ақ тілектерін білдіріп, жауапты қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Жақсылық Күмісбекұлы халықпен етене жұмыс жасап, мешіттің діни-рухани қызметін дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Алла Тағала жаңа қызмет иесіне берекелі еңбек, мол сауап және халықтың ықыласына бөленуді нәсіп етсін!



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

