Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Мәдімар мешітіне арнайы барып, жамағатпен кездесті. Кездесу барысында бас имам мұсылман қауымын бірлікке, ынтымаққа, көркем мінезге және діни сауаттылықты арттыруға шақырды.
Насихат барысында Ислам дінінің адам тәрбиесіндегі орны, ата-анаға құрмет көрсету, көрші ақысы, қоғамдағы татулық пен ауызбіршіліктің маңызы кеңінен сөз болды. Сонымен қатар жамағатты бес уақыт намазды тұрақты орындауға, жастарға өнегелі тәрбие беруге және ізгі амалдарды көбейтуге үндеді.
Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Бас имам ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасап, Мәдімар мешітінің жамағатына Алла Тағаланың берекесі мен мейірімін тіледі.



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

