Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы жобасы аясында Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Мәдімар мешіті жанындағы мәйітхана қызметінің жұмысымен танысты.
Танысу барысында мәйітхананың материалдық-техникалық жағдайы, санитарлық тазалығы және халыққа көрсетілетін қызмет сапасы қаралды. Сонымен қатар марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай орындалуы жөнінде пікір алмасты.
Бас имам жауапты қызметкерлерге бұл істің үлкен жауапкершілік пен аманат екенін атап өтіп, марқұмдарға құрмет көрсетудің және туыстарына жанашырлық танытудың маңыздылығы туралы насихат айтты.
Кездесу соңында алдағы жұмыстарға сәттілік тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

