Аудандық «Байзақ баба» мешіті жамағатына Тараз қаласы «Әзірет Әли» мешітінің наиб имамы Мәден Мұхаммеджан тағылымды насихат айтып, мұсылман қауымын имандылыққа, ізгілікке және бірлікке үндеді.
Насихат барысында қасиетті дініміздің адам тәрбиесіндегі маңызы, көркем мінездің артықшылығы, ата-анаға құрмет көрсету және қоғамдағы татулықты сақтау мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ жамағатқа күнделікті құлшылықтарды үзбей орындап, уақытты тиімді пайдаланып, жастарға дұрыс тәрбие беру қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Әрі Алла Тағаладан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық пен береке тіленді.



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

