БАЙЗАҚ: «АҚШОЛАҚ» МЕШІТІНЕ ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ҚҰРАЛЫ УАҚЫП ЕТІЛДІ

БАЙЗАҚ: «АҚШОЛАҚ» МЕШІТІНЕ ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ҚҰРАЛЫ УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақсылық жасауда жарысқан жомарт жандардың қолдауымен «Ақшолақ» мешіттің ауласын көркейту мақсатында тамшылатып суару жүйесі уақып ретінде сыйға тартылды.

Бұл игі іс мешіт ауласындағы ағаштар мен гүлдердің күтімін жеңілдетіп, суды үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны көркейтуге және жасыл желекті сақтауға өз үлесін қосады.

Мешіт имамы Хасам Иембергенұлы игі бастамаға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, Алла Тағаладан жасаған қайырымдылықтарының еселеп қайтуын тіледі.

«Адам баласы қайтыс болған кезде оның барлық амалы тоқтайды. Бірақ үш нәрсенің сауабы жалғасады: жария садақа, пайдалы ілім және өзіне дұға жасайтын ізгі ұрпақ» деген хадиске сай, мұндай уақыптар – сауабы үзілмейтін игі амалдардың бірі.

Алла Тағала барша қайырымды жандардың жасаған уақыптарын қабыл етіп, берекесін нәсіп етсін! Әмин.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: