БАЙЗАҚ: «ЕСТАЙ БАБА» МЕШІТІНЕ АСПАЛЫ ШАМДАР УАҚЫП ЕТІЛДІ

БАЙЗАҚ: «ЕСТАЙ БАБА» МЕШІТІНЕ АСПАЛЫ ШАМДАР УАҚЫП ЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысындағы Естай баба мешітінде кезекті игі іс жүзеге асты. Жомарт жандардың демеушілігімен Алла үйіне жаңа аспалы шамдар уақып етіліп, мешіттің ішкі жарықтандыру жүйесі жаңартылды.

Игі бастамаға ауыл тұрғындары мен жамағат ерекше қуаныштарын білдіріп, мешіт көркіне көрік қосқан азаматтарға алғыстарын жеткізді. Жаңа шамдар мешіт ішін жарық әрі сәнді етіп, құлшылық жасауға қолайлы жағдай жасалды.

Шара барысында мешіт имамы Мұхтар Мэльсұлы уақып жасаудың Ислам дініндегі маңызына тоқталып, Алла үйіне жасалған әрбір игі істің сауабы мол екенін атап өтті. Сонымен қатар мешіттің қажеттіліктеріне қолдау білдіру – сауапты әрі үзілмейтін сауапқа себеп болатын амалдардың бірі екендігін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: