#БАЙЗАҚ АУДАНЫ ЖАҢА КАДРМЕН ТОЛЫҚТЫ

#БАЙЗАҚ АУДАНЫ ЖАҢА КАДРМЕН ТОЛЫҚТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ауыл ақсақалдары және жамағаттың қатысуымен Сарыбарақ ауылындағы «Темірбек баба» мешітіне жаңа имам Жасұлан Сабырұлын ресми түрде таныстырды. «Темірбек баба» мешіті Байзақ ауданындағы белсенді діни ошақтардың бірі болып табылады.

Тағайындау барысында аудан бас имамы жаңадан бекітілген имамға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмаларын сапалы орындап, жамағатпен тығыз байланыста жұмыс жүргізуді, жастар тәрбиесіне, діни сауаттылықты арттыруға және бірлік пен татулықты нығайтуға күш салуды тапсырды.

Жаңа имам Жасұлан Сабырұлы  жамағатқа  елдің рухани дамуы жолында аянбай қызмет етуге дайын екенін жеткізді. Жиналған ақсақалдар мен мешіт жамағаты ізгі тілектерін білдіріп, жаңа қызметіне береке тіледі.

Басқосу соңында ел амандығы, жұрт тыныштығы және халқымыздың бірлігі үшін дұға жасалды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: