Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Құран Кәрім бойынша оқу бағдарламасына арналған сынақ емтиханға дайындық семинары өткізілді.
Аудандық мешітте «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің түлегі Ораз қари имамдар мен молдаларға Құран Кәрімнен дәріс оқыды. Семинар барысында ұстаз ауыл имам-молдаларының алдағы емтиханға дайындық деңгейін тексерді.
Атап айтқанда, қатысушылардың «Фатиха», «Бақара» сүресінің 1–5 аяттарын, сондай-ақ «Фил» сүресінен «Нәс» сүресіне дейінгі сүрелерді тәжуид қағидаларына сай жатқа әрі қатесіз оқуы бағаланды. Сонымен қатар намаз барысында және намаздан кейін оқылатын дұғаларды дұрыс оқу деңгейі тексерілді.
Сондай-ақ «Шәмс» сүресінен «Һұмаза» сүресіне дейінгі сүрелерді тәжуид ережелеріне сәйкес жүзінен оқыту арқылы қатысушылардың білім деңгейіне сараптама жасалды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


23 Маусым 2026
7 Мухаррам 1448

