Жуалы: Бас имам QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет орталығының жұмысын жамағатқа таныстырды

Жуалы: Бас имам QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет орталығының жұмысын жамағатқа таныстырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ҚМДБ бекіткен игі бастама – QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет орталығының жұмысы жамағатқа таныстырылды.

Мешіттің бас имамы Есет Тұрдыбайұлы орталықтың негізгі мақсаттарына тоқталып, жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылдық пен бәсекелестікті (мазар жарыстыру және басқа да артық шығындар) жою, ортақ мәдениет қалыптастыру және жаназа рәсімдерін шариғат талаптарына сай бірізділікке келтіру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ дәстүрлі ислам дініндегі кебін пішу және мәйітті кебіндеу рәсімдері түсіндіріліп, кебінге ақ түсті, қымбат емес, таза мақта матадан (сәтен және өзге де маталардан) тігілген маталар қолданылатыны айтылды.

Ер адамдардың кебіні әдетте үш қабаттан тұрады:

Лифафа – мәйіттің басы мен аяғынан асып тұратын сыртқы орама;

Изар – ішкі орама;

Қамис – мойыннан тізеге дейін түсетін көйлек.

Ал әйел адамдардың кебіні бес қабаттан тұрады:

Лифафа;

Изар;

Қамис – аяққа дейін жететін көйлек;

Химар – бас орамал;

Қасаба (бүркеншек) – кеуде тұсын немесе шашты жабатын үлкен мата.

Түсіндіру жұмыстары барысында аудан имамы жамағатқа орталықтың қызметін кеңінен таныстырып, марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне қатысты нақты нұсқаулықтар берді. Сонымен қатар кебіннің түрлері, оны матадан өлшеп пішу және мәйітті ораудың діни талаптары тәжірибелік түрде көрсетілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: