ЖАМБЫЛ: ПӘТУА -ҒАЛЫМНЫҢ ІСІ

ЖАМБЫЛ: ПӘТУА -ҒАЛЫМНЫҢ ІСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев мешітке келген жамағатқа «Пәтуа – ғалымның ісі» тақырыбында мазмұнды насихат айтты. Ол өз сөзінде пәтуа беру ислам шариғатын терең меңгерген, Құран мен сүннетті жан-жақты білетін білікті ғалымдардың жауапты міндеті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, діни мәселелерде әркімнің өз бетінше үкім шығаруы қателікке ұрындыруы мүмкін болғандықтан, мұндай істерде білімді мамандардың пікіріне жүгінудің маңыздылығын түсіндірді. Бас имам пәтуаның қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтауға және түрлі түсінбеушіліктердің алдын алуға ықпал ететінін ерекше жеткізді. Сондай-ақ, ол мұсылман қауымын сенімді дереккөздерге сүйенуге және күмәнді мәліметтерден сақ болуға шақырды.

Насихат барысында шариғат үкімдерін дұрыс түсінудің адамдар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтатыны жан-жақты баяндалды. Кездесу соңында жамағатқа діни білімді сенімді ғалымдардан үйренудің маңызы түсіндірілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: