ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР

ЖАМБЫЛ: ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса ауылындағы "Домалақ ана" мешітінде өткен рухани басқосуда аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев жамағатпен кездесіп, «Дін және жастар» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Ол өз сөзінде жастардың рухани тұрғыдан кемелденуі қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының жарқын болуының басты кепілі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ислам дінінің жас ұрпақты білімге, ізгілікке және адал еңбек етуге үндейтін асыл құндылықтарға негізделгенін кеңінен түсіндірді.

  Наиб имам қазіргі таңда жастардың санасына түрлі ақпараттар әсер ететіндіктен, олардың дұрыс діни таным қалыптастыруының маңызы зор екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол жастардың уақытын тиімді пайдаланып, ғылым мен білімге ұмтылуы олардың өмірде өз орнын табуына мүмкіндік беретінін айтты. Насихат барысында ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну мұсылман жастың маңызды қасиеттері екені ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, діннің адамды сабырлылыққа, төзімділікке және айналасындағы адамдармен көркем қарым-қатынас жасауға тәрбиелейтіні баяндалды. Имам жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырып, діни мәселелерде сенімді мамандардың кеңесіне жүгінудің қажеттігін түсіндірді.

Сонымен бірге, ол ұлттық құндылықтар мен діни тәрбиенің өзара сабақтас ұғымдар екенін айтып, олардың жастар тәрбиесіндегі орнына тоқталды. Кездесуге жиналған жамағат айтылған насихаттан рухани әсер алып, жастардың тәрбиесіне қатысты маңызды мағлұматтарға қанықты. Іс-шара соңында елдің тыныштығы, жұрттың амандығы және жастардың иманды әрі білімді болып өсуі үшін ақжарма дұға жасалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: