ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ БАҚЫТЫ - ДӘСТҮР ТҮСІНІГІНДЕ

ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ БАҚЫТЫ - ДӘСТҮР ТҮСІНІГІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бесағаш ауылының Бесағаш мешітінде өткен рухани кездесуде Өрнек ауылының Өрнек орталық мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов жамағатқа «Отбасы бақыты – дәстүр түсінігі» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Ол өз сөзінде отбасы бақытының негізі өзара сыйластық, мейірім мен жауапкершілікте жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы құрметтеу ұрпақ тәрбиесінің маңызды тетігі екендігін кеңінен түсіндірді. Молда отбасының берекесі ата-анаға құрмет көрсетіп, үлкеннің батасын алудан басталатынын ерекше жеткізді. Сондай-ақ, жастарды ұлттық құндылықтарды сақтауға және оларды келер ұрпаққа аманат ретінде табыстауға шақырды.

Насихат барысында дәстүр мен діннің өзара сабақтас ұғымдар екендігі, олардың қоғамның тұрақтылығы мен ынтымағын нығайтудағы рөлі жан-жақты баяндалды. Жамағатқа отбасындағы татулық пен бірліктің адам өміріндегі ең үлкен байлықтардың бірі екендігі туралы әсерлі мысалдар келтірілді.

Кездесу барысында қатысушылар рухани тағылым алып, отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді. Іс-шара соңында жиналған қауымға амандық, береке және әр шаңыраққа бақ-береке тіленіп, ізгі дұға жасалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: