ЖАМБЫЛ: ТАЗАЛЫҚ - ИМАНДЫЛЫҚ

ЖАМБЫЛ: ТАЗАЛЫҚ - ИМАНДЫЛЫҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерге «Тазалық – имандылық» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Ол өз уағызында тазалықтың ислам дініндегі негізгі құндылықтардың бірі екенін атап өтіп, адамның тән тазалығымен қатар жан тазалығына да ерекше көңіл бөлуі қажет екенін түсіндірді. Сонымен бірге, мұсылман адамның күнделікті өмірінде тазалық қағидаларын сақтау оның иманының кемелдігін көрсететін маңызды белгілердің бірі екеніне тоқталды.

Ұстаз шәкірттерге дәрет алу, киімнің тазалығы және қоршаған ортаны күтіп ұстау құлшылық мәдениетінің ажырамас бөлігі болып саналатынын жеткізді. Сондай-ақ, ол тазалыққа ұқыптылықпен қарау адамның тәртіпті, жауапты әрі өнегелі тұлға болып қалыптасуына ықпал ететінін айтты.

Насихат барысында жүректі қызғаныштан, көреалмаушылықтан және жаман ойлардан арылту рухани тазалықтың басты көрінісі екендігі жан-жақты баяндалды. Бұдан бөлек, тазалықтың денсаулықты нығайтуға әсер ететіндігі және қоғамдағы мәдениеттіліктің деңгейін арттыратындығы туралы маңызды ойлар айтылды. Ұстаз шәкірттерді білім алатын ортасын таза ұстап, қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, ол әрбір адамның табиғатты аялауы мен қоршаған ортаға жанашырлық танытуы діни және адамгершілік міндеттердің бірі екенін түсіндірді. Кездесу барысында тазалыққа мән берген қоғамның берекесі артып, адамдар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік нығая түсетіні ерекше атап өтілді. Ұстаз уағызында шәкірттерге тазалықты өмір салтына айналдырып, имандылық пен ізгілікті басты ұстаным ретінде қалыптастыру қажеттігі айтылып, баршасына сәттілік пен береке тіледі.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: