ЖАМБЫЛ: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ

ЖАМБЫЛ: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ ІЗЕТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылындағы "Бейсеу ата" мешітінде  имам Ермуханбет Берсүгір мешітке келген жамағатқа «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында тағылымы мол насихат айтты. Ол өз сөзінде үлкенді сыйлау мен кішіге қамқорлық көрсету қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл құндылықтарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, ислам діні де ата-ананы құрметтеуге, ақсақалдардың ақыл-кеңесін тыңдауға және жас буынға мейіріммен қарауға үндейтінін кеңінен түсіндірді.

Имам үлкендерге құрмет көрсету адамның тәрбиесі мен көркем мінезінің айқын көрінісі екенін ерекше жеткізді. Сондай-ақ, ол кіші буынға ізет танытып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру қоғамның болашағы үшін маңызды міндет екенін айтты. Насихат барысында отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністіктің ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, берекелі өмірдің негізін қалайтыны баяндалды. Бұдан бөлек, үлкеннің батасын алу мен өнегелі сөзін тыңдау адамның рухани кемелденуіне оң ықпал ететіні жөнінде әсерлі ойлар айтылды.

Имам жамағатты ұлттық дәстүрлер мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, жастарға үлгі болуға шақырды. Кездесу соңында елдің амандығы, жұрттың бірлігі және ұрпақ тәрбиесінің кемел болуы үшін дұға жасалып, жамағатқа ізгі тілектер білдірілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: