Мойынқұм ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай ауыл имамдарының қатысуымен арнайы жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында діни-ағарту саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жоспарлар пысықталды. Атап айтқанда, діни кадрлар даярлау ісіне ерекше көңіл бөлініп, медреселерге талапкерлер тарту мәселесі сөз болды.
Бас имам Ержан Көшкімбай ауыл имамдарына медреседе білім алудың маңыздылығын халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар, дін саласына қызығушылық танытқан жастарды медреселерге оқуға шақырып, білікті мамандар қатарын толықтыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында имамдар өз ұсыныстарын ортаға салып, медресеге шәкірттер тарту бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде пікір алмасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

