«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың ұйымдастыруымен имамдарға арналған «Уақып – сауаптың үзілмес қайнары» тақырыбында семинар өтті.
Кездесу барысында имамдар уақып саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, жергілікті жерлерде атқарылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ мешіттердің әлеуметтік жобаларын дамыту мен қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылды.
Шара соңында қатысушылар семинардың мазмұнды өткенін айтып, алған мәліметтердің алдағы қызметтерінде үлкен пайдасын тигізетінін жеткізді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

